Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Хүрриет газеті Президент Режеп Тайып Ердоғанның "Я қаруларын тастайды, я Сирия жеріне көміледі" сөздерін тақырып ретінде қолданған.
Президент Ердоған партиясының Мәжіліс топ жиналысында "Террористік ұйымдарды, ең алдымен ДАИШ пен PKK ұйымдарын жоюға бел будық. Бөлшектеуші қылмыскерлер я қаруларын тастайды, я қаруларымен бірге Сирия жеріне көміледі. Террористік ұйымды жоямыз. Террористік ұйымдардың қандай жоспары болса, бізде де өз жоспарымыз бар", – деді.
Ватан газеті Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлуның "Сирияға денсаулық сақтау бойынша барлық қолдауды көрсетеміз" сөздеріне орын берген.
Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу Сирия Денсаулық сақтау министрімен телефон арқылы сөйлесті. "Денсаулық сақтау саласына қатысты барлық қолдауымызды көрсететінімізді жеткіздік", – деді ол.
Стар газеті "Бірден 3 сатыға көтерілдік"атты тақырып қолданған.
Түркия халықаралық инвестициялар үшін тартымды орталыққа айналды. Түркия жаңа инвестициялар бойынша 7-орыннан Франция, Ұлыбритания, Германиядан кейінгі 4-орынға көтерілді.
Йени Шафак газеті "ASELSAN 58,6 миллион долларлық келісімге қол қойды" атты хабар жариялаған.
“ASELSAN” Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің бірімен электрооптикалық және байланыс жүйелерін тікелей сату жөнінде жалпы сомасы 58,6 миллион доллар (2 миллиард түрік лирасы) болатын экспорттық келісімдерге қол қойды.
Хабер Түрік газеті "Түрік ғалымдары Ай мен Марста қызанақ өсіруді мақсат етеді" атты тақырып қолданған.
Эгей университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті Биология кафедрасының доценті, доктор Ренгин Өзгүр Узилдай басшылық ететін жобада Ай мен Марста адамзат колонияларын құру кезінде қызанақ өсіру көзделуде.