Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хабер Түрік газеті Джевдет Йылмаздың «Сирияға өз еркімен оралу қамтамасыз етіледі» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Вице-президент Джевдет Йылмаз сириялық азаматтардың өз елдерінде бейбіт өмір сүру үшін тез арада қажетті жағдай жасап, қауіпсіз және ерікті түрде елдеріне оралу қамтамасыз етілетінін айтты.
Йени Шафак газеті Хакан Фиданның «Миллиондаған сириялық елдеріне оралуы мүмкін» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан елін тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған сириялықтың еліне орала алатынын айтты. Министр «Елді біріктіріп, қалпына келтіретін уақыт келді» деді.
Стар газеті Хакан Фиданның «PKK Сириядағы заңды тарап емес» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда Сириядағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. Министр Фидан «PKK Сириядағы заңды тарап емес, келіссөз жүргізетін тарап бола алмайды» деді.
Ватан газеті «Сириялықтар Асад режимінің құлауын тойлады» атты хабарға орын берген. Башар Асад режимі құлағаннан кейін Түркияда тұратын сириялықтар қуанышқа бөленді. Елдеріне оралатындарын айтқан сириялықтар қонақжайлылық үшін Түркияға алғыс айтты.
Сабах газеті «Түркияның экономикалық бағдарламасы сенімді» атты жаңалық жариялаған. Дүниежүзілік банктің аға экономисті Сибел Кулаксыз Түркия экономиканың әр саласында мықты ел екеніне тоқталды. Кулаксыз Дүниежүзілік банктан Түркия жобаларына мақұлдаулардың артуы экономикалық саясатқа сенімнің күшейгенінің көрсеткіші екенін мәлімдеді.