Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Йени Шафак газеті «Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейінгі Сирия хабарламасы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоғанның төрағалығымен өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде Сириядағы режимнің халықпен және заңды оппозициямен ымыраға келуі керектігі айтылды. Мәлімдемеде Түркияның Сирияның аумақтық тұтастығын қолдауына назар аударылды.
Хүрриет газеті Ұлттық Қорғаныс министрлігінің «PKK/YPG-нің тұрақсыздықтан пайдалануына рұқсат бермейміз» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Сирияның аумақтық тұтастығы, егемендігі және аймағымыздың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін PKK/YPG террор ұйымының аймақтағы тұрақсызды пайданалуына рұқсат бермейміз» деп мәлімдеді.
Сабах газеті «Кажыр: Әлемдік ұшқышсыз ұшақ нарығының 70 пайызы түрік компанияларының үлесінде» атты хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр әлемдік ұшқышсыз ұшақ нарығының 70 пайызы түрік компанияларының үлесінде екенін атап, «Қорғаныс өнеркәсібіндегі парадигма өзгерістерін дұрыс уақытта жүзеге асырып, елімізді әскери ұшқышсыз ұшақ өндірісінде әлемдік көшбасшыға айналдырды» деді.
Стар газеті «Еуропа Одағы Түркияны мақұлдады» атты жаңалық жариялаған. Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы «Құс етін өңдеу зауыттарының 8-і (Түркияда) жылумен өңделген құс етін Еуропалық Одаққа экспорттай алады. Бұл Еуропалық Одақ тарапынан мақұлданды» деді.
Ватан газеті «Анталия «D-8 туризм қаласы» марапатын алды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Анталияға «2025 D-8 Туризм қаласы» марапаты берілгенін мәлімдеді. Ерсой «Мәдени байлықтарын табиғи сұлулықтарымен үйлестіріп, туристерге ұмытылмас демалыс ұсынатын бірегей қаламыз тек Түркияның емес, әлемнің ең таңдаулы туризм орталықтарының бірі болып қала береді» деді.