Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2217164
Түрік баспасөзіне шолу

 

 

Ватан газеті «PKK/KCK-ға тиесілі 709 үңгір мен баспана жойылды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Али Йерликая PKK/KCK террор ұйымының далалық жердегі қысқы құрылымына қарсы жүргізген «Гүрз» операциясында 709 үңгір, баспана және қойманың жойылғанын, көп мөлшерде жарылғыш зат және қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлады.

Йени Шафак газеті Алеппоға оралған сириялықтың «Түркия сізге көп рақмет, 7 жыл бойы бізді қонақ еттіңіз» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Алеппо оппозицияның бақылауына алынған соң отбасымен туған қаласына аттанатын Айя Абдусселам Түркияға алғыс айтты. Ая Абдусселам «Түркияға келгелі 7 жыл болды. Хатайда тұрдым. Алеппо азат етілді. Біз туған жерімізге қайтамыз. Түркияға мың алғыс, бізді 7 жыл бойы қонақ еттіңіз»  деді.

Стар газеті «Әлем алыбы Түркияны таңдады» атты жаңалық жариялаған. Швейцарияда орналасқан фармацевтикалық фирма «Sandoz» Түркиядағы жаңа инвестициялары үшін капиталды 80 миллион долларға өсіретінін жариялады.

Сабах газеті  «TOGG»  нарықтағы көшбасшылығын нығайтады» атты хабарға орын берген. Түркияның электр көлігі «TOGG»  бәсекелестері «Tesla» мен «BMW»-ны артта қалдырды. Жылдың 11 айлық кезеңінде 24 мың 361 дана сатылыммен ең жақын бәсекелесін 15 мың 134 дана айырмашылықпен басып озды. Осы кезеңде «TOGG»-тың электромобиль нарығының үлесі 29 пайызды құрады.

Хабер Түрік газеті Түркия «TIMSS 2023»-тің ғылым саласында Еуропада бірінші орында» атты жаңалық жариялаған. Түркия 2023 жылғы Халықаралық математикалық және ғылыми білім беру сауалнамасы нәтижелеріне сәйкес 4-сынып ғылыми білім беру саласында Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше  елдері арасында 2-ші және барлық Еуропа елдері арасында бірінші орынды иеленді.



Ұқсас жаңалықтар