Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хабер Түрік газеті Ердоғанның «PKK-ға қарсы күресудеміз және күресті жалғастырамыз» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Суданимен телефон арқылы сөйлесті. Ердоған «Сириядағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның жақтастарына тосқауыл қою үшін Түркияның ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделері аясында күресудеміз және күресті жалғастырамыз» деді.
Хүрриет газеті «Сирия режимі саяси процеске қатысуы керек» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Айлар бойы Түркияның көмегін қабылдамаған Сирия режимі елде әділ әрі түбегейлі бейбітшілік орнатуға ниетті емес. Президент Ердоған оппозицияның Алеппоны қысқа мерзімде басып алуынан кейін үлкен әскери күш жоғалтқан Асадқа «Сирия режимі жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін шынайы саяси процеске кірісуі керек» деп ескертті.
Стар газеті «Түркиядан Грекияға «жұмсақ күш» шақыруы» атты хабарға орын берген. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун мәдениет пен спортты «жұмсақ күш» ретінде біріктіретініне сенетінін айтты. Алтун «Грекиямен достығымызды нығайтатын кез келген бастаманы қолдауға толық дайынбыз» деді.
Ватан газеті «Fitch» түрік экономикасының жақсаруына назар аударды» атты жаңалық жариялаған. Халықаралық несие рейтинг агенттігі «Fitch» түрік экономикасының жақсарғанына назар аударды. «Fitch» баяндамасында «Түркия Орталық банкінің резервтерінде айтарлықтай жақсару байқалды. Біз 2025 жылы саясаттың жүйелілігі артады деп күтеміз» деді.
Йени Шафак газеті «Түркиядан таза энергия әрекеті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік ғалымдары көмірқышқыл газын таза энергияға айналдыратын құрылғы әзірлемек. Жоспарланған құрылғы көлік және зауыттардан шығатын көмірқышқыл газына бейімделеді.