Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2216291
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Фидан: Сириядағы азаматтық соғыстың ушығуын қаламаймыз» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше ирандық әріптесі Аббас Аракчимен кездесті. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Фидан «Сириядағы азаматтық соғыстың ушығуын қаламаймыз. Астана процесін жүзеге асырамыз» деді.

Стар газеті «Иран: Түркия Сирияда сындарлы рөл атқарды» атты хабар жариялаған. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бекаи Түркияның Сирия және Иран үшін маңызды көрші екенін атап өтіп, «Түркия Сириядағы шиеленісті бақылауда сындарлы рөл атқарды» деді.

Йени Шафак газеті  «Министр Болат: Қараша айында экспортымыз 22,3 миллиард долларға жетті» сөздерін тақырып ретінде жариялаған. Сауда министрі Өмер Болат мәлімдемесінде «Қараша айында экспортымыз өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 3,1 пайыздық азаюмен 22,3 миллиард доллар болды. 11 айда сыртқы сауда тапшылығы 27 пайызға азайды» деді.

Ватан газеті «Қорғаныс және авиация өнеркәсібі экспорт рекордын жаңартты» атты жаңалық жариялаған. Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өнімдері экспорты 11 айлық кезеңде 5 миллиард 761 миллион долларға өсіп, рекорд жаңартқанын хабарлады.

Сабах газеті «Анталияда турист рекорды» атты хабарға орын берген. Анталия әлемдегі ең таңдаулы туристік қалалардың бірі ретінде жаңа рекорд жаңартты. Жылдың алғашқы 11 айында турист саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артқан. Анталияға ең көп турист Германиядан келген.



Ұқсас жаңалықтар