Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2215922
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Фидан Энтони Блинкенмен Сирияны талқылады» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан әріптесі Энтони Блинкенмен телефон арқылы Таяу Шығыстағы оқиғаларды талқылады. Режим мен оппозицияның бейбітшілік үшін саяси процесті аяқтауы керектігін атап өткен Фидан «Түркия мен Сирия азаматтарына қарсы террорлық әрекеттерге ешқашан рұқсат берілмейді» деді.

Хабер Түрік газеті «Шимшек: Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жаһандық есімге айналды» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістігіне назар аударып, қазір отандық өнім 80 пайызға жеткенін айтты. «Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жаһандық есімге айналды» деді министр.

Хүрриет газеті «Ұлттық білім министрі мектепке дейінгі білім туралы мәлімдеді» тақырыбында хабар жариялаған. Ұлттық білім министрі Юсуф Текин Түркияда 2023-2024 оқу жылында 5 жас мектепалды даярлықтың көрсеткіші 95,44 пайызға жеткенін айтты. Текин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы есебіне сәйкес Түркияның әлем бойынша мектепке дейінгі білім беруде жоғары көрсеткіштегі ел екенін мәлімдеді.

Стар газеті «Түрік ғалымдары миды оқитын жүйе ойлап тапты» атты жаңалық жариялаған. Элазыг Фырат университеті технология факультетінің 6 ғалымы мен 6 студенті Түркияда алғаш рет миды оқитын жүйе әзірледі. Сөйлей алмайтын және сал ауруынан әрекет ете алмайтын адамдарға үміт болатын жүйенің арқасында науқастардың миына берілген сигналдар қабылданып, ойлары жасанды интеллект арқылы аударылады.

Ватан газеті «Түрік Әуе Жолдары Сиднейге ұша бастады» атты хабарға орын берген. 6 құрлықта, 351 бағытқа ұшатын Түрік Әуе Жолдары жаңа ұшу желісіне Австралия құрлығындағы Сиднейді қосты. Сидней Түрік Әуе Жолдары ең ұзақ ұшу бағыты болды.



Ұқсас жаңалықтар