Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Йени Шафак газеті «Газа секторында атыс түбегейлі тоқтатылмаса, аймақтық тыныштық орнамайды» атты тақырып қолданған.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарикпен бірлескен баспасөз мәслихатында «Ливандағы атыстың тоқтатылғаны қуантады. Бірақ Газа секторында атыс түбегейлі тоқтатылмаса, аймақтық тыныштық орнамайды», – деді.
Хүрриет газеті 72 лаңкестің залалсыздандырылғанын хабарлаған.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Түркияда және Түркия территориясының тысында жүргізілген операциялар барысында соңғы бір аптада бөлшектеуші террористік ұйым PKK-ның 72 мүшесінің залалсыздандырылғанын хабарлады.
Хабер Түрік газеті қазанда айында Түркияда экспорттың артқанын хабарлаған.
Газеттің хабарлауынша Түркияның экспорты қазан айында өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өсіп, 23 миллиард 500 миллион долларға жетті. Ал импорт өзгеріссіз қалып, 29 миллиард 409 миллион долларды құрады.
Стар газеті «Түркиядан дос елге «TURAL» экспорты» атты тақырып қолданған.
«Ramsa Savunma» компаниясының бас директоры Рамазан Гүжүктуралы өздері жасаған «TURAL» атты автономды көлігінің Азиядағы өндірісі үшін Пәкістанда келісім жасалғанын мәлімдеді. Ол: «Алғашқы келісім аяқталды, аударымдар да шамамен бір апта ішінде аяқталады. Алғашқы тасымалдауымыз шамамен 1,5 айдан кейін жүзеге асырылады», – деді.
Сабах газеті Түркия – Венгрия матчы өтетін стадион туралы хабарлаған.
Түркия футбол федерациясы Ұлттық құрама команданың Венгриямен ойнайтын УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф матчын 2025 жылдың 20 наурызында Стамбулдағы Али Сами Йен спорт кешенінде өткізетінін хабарлады.