Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хабер Түрік газеті «Ердоғаннан террормен күрес үндеуі» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған терроризммен күрестің соңғы террорист жойылғанша жалғасатынын айтты. Террор дәлізіне рұқсат бермейтіндерін атап айтқан Ердоған Сирияның солтүстігін террордан тазартатындарын білдірді.
Йени Шафак газеті «Әлемдік халал нарығы Стамбулда» атты хабар жариялаған. Дүниежүзілік халал саммиті «Стамбул Экспо» орталығында басталды. Халықаралық министрлер отырысына әлемдік халал азық-түлік нарығының 70 пайызын құрайтын Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше және бақылаушы 60 елдің министрлері мен сауда делегациялары қатысады.
Хүрриет газеті «Ердоған: халал нарығы өсуде» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Президент Ердоған таза, салауатты және қауіпсіз тағамға деген қажеттіліктің артқанын айтты. Халал сертификаты бар өнімдер мен қызметтердің таза және діни сезімдерге құрметпен қарайтынына назар аударған Ердоған халал нарығының өсіп келе жатқанына тоқталды.
Сабах газеті «Түркия ислам елдерімен сауда қарым-қатынастарын арттырады» атты жаңалыққа орын берген. Сауда министрі Өмер Болат Түркияның Ислам елдерімен сауда қатынастарын арттырғандарын, Түркияның жалпы саудадағы үлесі 2002 жылы 11 пайыз болса, өткен жылы 26 пайызға жеткенін айтты. Министр Болат мақсатымыз бұл үлесті 2030 жылға қарай 35 пайызға жеткізу» деді.
Стар газеті «Түркия көшбасшы болған үлкен жоба» тақырыбында хабар жариялаған. Ирак Күрд аймақтық үкіметінің Байланыс және көлік министрі Ано Джевхер Түркия, Ирак, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерін қамтитын «Даму жолы» жобасының Парсы шығанағын Түркия арқылы Еуропаға қосатынын айтты. Джевхер бұл жобаның экономика үшін қазына екенін мәлімдеді.