Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2210973
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Кандилде 5 PKK террористі залалсыздандырылды» атты хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі әуе операциясы нәтижесінде Кандил аймағында 5 PKK террористінің залалсыздандырылғанын хабарлады.

 

Йени Шафак газеті «Даму жолында Ирак байланыстары» атты  тақырып қолданған.  Хабарға қарағанда  Сауда министрі Өмер Болат бүгін Иракта экономикалық байланыстарды нығайту және даму жолдарын талқылау үшін маңызды кездесулер өткізуде. Ирак пен Түркия сауда жолымен бірге жүзеге асырылуы қажет инфрақұрылым және басқа да жобаларды талқылауда.

 

Сабах газеті «Жаңа ғылым орталықтары ашылады» атты жаңалыққа орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр жыл соңына дейін екеуі Стамбулда, барлығы 5 жаңа ғылым орталығын ашатындарын айтты. «Осылайша еліміздегі ғылым орталықтарының саны 40-қа жетеді» деді министр.

 

Стар газеті  «Уралоғлу: Отандық технологиямыз іске қосылды» сөздерін тақырып ретінде қолданған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу түрік инженерлері әзірлеген алғашқы отандық әуе қозғалысын бақылау бағдарламалық құралы интерактивті радар талдау және деректер экранының Чукурова және Стамбул Ататүрік әуежайларында қолданыла бастағанын мәлімдеді.

 

Хүрриет газеті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 41 жылдығы тойланды» атты хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрылғанына 41 жыл толуы Германия астанасы Берлинде, Англия астанасы Лондонда да қабылдау және шақыру іс-шараларымен атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар