Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2209204
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті  Президент Ердоғанның Израильге эмбарго жасау туралы шақыруын жариялаған. 

Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоған кеше Эр-Риядта өткен «Араб лигасының төтенше біріккен саммиті» кезінде Израильдің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын атап өтіп, «Олардың мақсаты - Газаға орнығу. Ислам елдері ретінде Израильге қарсы қадамдар жасауға көшбасшылық етуіміз керек. Ең бастысы Израильге қару эмбаргосын салу және сауданы тоқтату өте маңызды» деп мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан қорғаныс өнеркәсібі» атты хабарға орын берген.

Францияның Қорғаныс министрлігі Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне қатысты толық баяндамасын жариялады. «Түрік дрондары өнеркәсібі әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан технологиялық экожүйелердің бірі» деп көрсетілген баяндамада түрік «IHA» ұшқышсыз ұшақтары мен «SIHA» қарулы ұшқышсыз ұшақтарын сатып алған Африка елдері картада көрсетілген.

Ватан газеті «TUSAŞ» және «BAYKAR-дың» әлемдегі ең ірі 50 авиация компаниясының қатарына кіргенін мәлімдеген.

Әлемдік авиация саласындағы беделді «FlightGlobal» атынан «Counterpoint Market Intelligence» жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Түркияның ұлттық авиациялық өндірушілері «TUSAŞ» және «BAYKAR»  әлемдегі ең ірі 50 авиациялық өнеркәсіп компаниясының қатарына енді.

Стар газеті «TCG Anadolu-дан алғаш рет» атты тақырыппен хабар жариялаған.

Түркияның Қорғаныс министрлігі «TCG Anadolu» көп мақсатты амфибиялық кемесі мен «TCG Derya» теңіздегі логистикалық көмек көрсету кемесі алғаш рет «теңізде жанармай және қатты жүк жеткізу» жұмыстарын жүзеге асырғанын хабарлады.

Сабах газеті «Түркиядан Сербияға экспорттық рекорд» атты хабарға орын берген.

Газеттің мәліметінше Түркия Сербияға 1 миллиард 471,1 миллион доллар көлемінде қаңтар-қазан айларындағы ең жоғары экспорттық көрсеткішін тіркеді.



Ұқсас жаңалықтар