Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2208785
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Өмір 09.05-те тоқтады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден өткеніне 86 жыл толуына орай ел көлемінде еске алу шаралары ұйымдастырылды. Сағат 09.05-те Ататүрік дүниеден озған сағатта сиреналар дабылынан кейін халық бір минут үнсіздік жариялады.

 

Хүрриет газеті «Ердоған: Ел шекарасының терроризммен байланысын үземіз» атты жаңалық жариялаған. Президент Ердоған Ататүріктің қайтыс болуының 86 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу рәсімінде «Алдағы кезеңде шекарамызда құрған қауіпсіз аймақтың кейбір бөлімдерін аяқтаймыз. Нақтырақ айтсақ террор ұйымдары мен еліміздің шекаралары арасындағы байланысты толығымен жоямыз» деді.

 

Сабах газеті «Ердоған: террорсыз климат орнатамыз» тақырыбында жаңалық жариялаған. Президент Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейінгі мәлімдемесінде терроризммен күрестегі табандылыққа тоқталды. Түркияда терроризмнен таза климат құрылатынын мәлімдеді.

 

Хабер Түрік газеті «Фиданның Израильге қару эмбаргосын енгізу үндеуі» атты тақырып қолданған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері жиналысы мен Араб Лигасының кезектен тыс саммитінде Израильге қару-жарақ және оқ-дәрілер тасымалдауды тоқтату үшін үндеу жариялады. Фидан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері де бар 52 елден қолдау алғандарын атап өтіп «Бұл мәселе бойынша көбірек жұмыс істеп, не қажет болса жасауымыз керек. Бірлігімізді көрсету уақыты» деді.

 

Ватан газеті «Чыраган сарайында әлемдегі жалғыз қалам фестивалі» атты жаңалық бөліскен. Стамбулдағы Чыраган сарайында әлемдегі алғашқы және жалғыз қалам фестивалі «Penfest 2024» өтті. Фестивальдегі ең қымбат қаламның құны шамамен 3 миллион лира.  

 



Ұқсас жаңалықтар