Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2208023
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Еуропалық Одаққа хабарлама» атты тақырып қолданған.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған құрлықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне маңызды үлес қосқан Түркия секілді елдің Еуропалық Одаққа қосылу процесінің жылдар бойы тоқтатылуының ақылға қонымды түсіндірмесі жоқ екенін айтты.

Йени Шафак газеті Министр Өмер Болаттың «Израильмен саудамыз нөлге түсті» сөздерін жариялаған.

Сауда министрі Өмер Болат Израильмен сауда жасамау туралы шешімнің атыс түбегейлі тоқтатылғанша және Газаның қайта қалпына келтірілуі басталғанша жалғасатынын айтты. Болат: «Мамыр айынан бері Израильге импорт пен экспорт нөлге түсті.»,- деді.

Хабер Түрік газеті Орталық банк резервтерінің тағы да рекорд жаңартқанын хабарлаған.

Түркия Республикасының Орталық банкінің жалпы резервтері 1 қараша аптасында өткен аптаға қарағанда 221 миллион долларға артып, 159 миллиард 619 миллион долларға жетті. Банк бұл көрсеткішпен тарихындағы ең жоғары деңгейге жетіп, үш рет қатарынан рекорд жаңартты.

Стар газеті «Темір күмбез тез аяқталады» атты хабарға орын берген.

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр қорғаныс жүйесі «Темір күмбезді» жылдам аяқтайтынын айтып, «Ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарды жасау мүмкіндіктерімізді одан әрі жетілдіреміз. Елдің болашағына қауіп төндіретін жоспарларға ешқашан жол бермейміз.»,-деді.

Ватан газеті «Togg-тың» «Айдер» атты жаңа түсінің көпшіліктің назарына ұсынылғанын хабарлаған.

Түркияның отандық және ұлттық электрлік көлігі «Togg-тың» «T10x» моделінің жаңа түсі «Айдер» Ризе қаласындағы бір сауда орталығында таныстырылды. «Togg» тек технологиясымен ғана емес, түсімен де көпшіліктің көңілінен шықты.



Ұқсас жаңалықтар