Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2207733
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түрік әлемін биіктерге көтереміз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Қырғызстанда өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде мәлімдеме жасады. Ердоған өз сөзінде «Түркі әлемін биіктерге көтереміз» және «oртақ әліпби туралы келістік» деді.

Хүрриет газеті «Президент Ердоған Трампты құттықтады» атты тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған Дональд Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ердоған «досым Дональд Трампты құттықтаймын. Әділетті әлем үшін бұдан да көп күш жұмсалатынына сенемін» деді.

Хабер Түрікгазеті «Түркияда 58 облыс экспортын арттырды» атты жаңалық жариялған. Сауда министрлігі қаңтар-қазан айларында 29 облыс 1 миллиард доллардан астам экспорт жасағанын және 58 облыста сыртқы сауданың өскенін хабарлады. Стамбул қазан айында 5 миллиард 81 миллион доллармен ең көп экспорт жасаған қала болды.

Стар газеті «Түркия мұнай және табиғи газ өндіруде рекорд орнатты» тақырыбында хабар жариялаған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​өткен айда мұнай және табиғи газ өндіруде айлық және күнделікті рекорд жасағандарын мәлімдеді. Осы кезеңде отандық шикі мұнай өндірісі ай сайын 3 миллион 361 мың 725 баррель және табиғи газ өндірісі 234 миллион 384 мың 17 текше метрмен бұрын-соңды болмаған рекордқа жетті.

Ватан газеті «TOGG» электромобиль нарығындағы көшбасшылығын жалғастыруда» атты жаңалыққа орын берген. «TOGG» жылдың 10 айлық кезеңінде 20 мың 140 сатылым және 31 пайыздық нарық үлесімен түрік электрлі көлік нарығында бірінші орынға шықты.



Ұқсас жаңалықтар