Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2206742
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті  «Ердоғанның Палестина туралы үндеуі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «Сионистердің Газа мен Ливанға қарсы басқыншылығына ең орынды жауаптардың бірі Палестина мемлекетін көбірек мемлекеттердің мойындауы» деді. Ердоған әлем елдеріне Палестинаны тану туралы үндеуін қайталады.

Хүрриет газеті «Ердоған: Израильмен сауданы тоқтаттық» атты жаңалық жариялаған. Президент Ердоған Израильмен сауда-саттықты толығымен тоқтатқандарын айтты. Ердоған «Геноцид қылмыскерлерінің халықаралық құқық алдында жауап беруі үшін бар күшімізді салудамыз» деп мәлімдеме жасады.

Йени Шафак газеті «Ердоғаннан газалықтарға мақтау» тақырыбында хабар жариялаған. Президент Ердоған Израиль шабуылына ұшыраған газалықтардың 13 ай бойы ауыртпалық пен қысым көрсе де қадір-қасиеттеріне нұқсан келтірмей туған жерінде еркін өмір сүру ниетінен қайтпағандарын атап айтты.

Хабер Түрік газеті «Орталық банк резервтерінде жаңа рекорд» тақырыбында жаңалық жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Республикасы Орталық банкінің жалпы резервтері 25 қазан аптасында алдыңғы аптамен салыстырғанда 33 миллион долларға артып, 159 миллиард 398 миллион долларға жетті.

Стар газеті «Түркияның автомобиль экспортында рекорд» атты жаңалыққа орын берген. Түрік автомобиль өнеркәсібі 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайыз артып, 30 миллиард 511 миллион 79 мың долларға жетті.  Осы сала бойынша барлық уақыттағы ең жоғары 10 айлық экспортқа қол жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар