Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2205212
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған: Барлық елдер Израильге қысым жасауы керек» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараға келген Сенегал Президенті Бассиру Диомае Файемен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Сенегалдың Палестина туралы ұстанымы маңызды екенін айтты. Ердоған «Палестина және Ливан халқының жанында болуды адамдық борышымыз деп білеміз. Бүкіл әлем Израильге қысым жасауы керек» деді.

 

Хабер Түрік газеті «Сыртқы істер министрлігі Еурокомиссияның Түркия есебіне наразылық білдірді» тақырыбында жаңалық жариялаған. Сыртқы істер министрлігі Еуропа комиссиясының Түркияға қатысты жариялаған 2024 жылғы есебіне наразылық білдірді. Әсіресе Кипрге қатысты бағалауларды сынға алып, ішкі саяси динамикаға қатысты сындарды әділетсіз деді.

 

Сабах газеті «Соңғы аптада 198 террорист залалсыздандырылды» атты жаңалық жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирак пен Сирияның солтүстігінде өткен аптада жүргізілген операцияларда 198 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Йенишафак газеті «Түркияның өнімін таңдады, алғаш рет экспортталады» атты жаңалыққа орын берген. «Көгілдір Отанның» күзетшісі, Түркияның алғашқы жауынгерлік ұшқышсыз теңіз көлігі «ULAQ-SİDA» үшін алғашқы экспорт келісімшартына қол қойылды. Катар Ішкі істер министрлігімен Милипол Катар жәрмеңкесінде қол қойылған келісім Түркияның алғашқы ұшқышсыз теңіз көлігі экспорттау жобасы болып табылады.

 

Стар газеті «БРИКС-тің Түркия туралы жазбасы бізді толғандырды» тақырыбында жаңалық жариялаған. БРИКС ресми парақшасында Түркияның танымал қорғаныс өнеркәсібі өнімдері туралы видео жариялады. Түрік туының эмодзилері де орын алған видеода «Түркия әуе қорғаныс жүйелері» деген сөздер қолданылған.

 



Ұқсас жаңалықтар