Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Сабах газеті «Министр Фидан: Израиль-Иран соғысы болуы ықтимал» тақырыбындағы хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израиль мен Иран арасындағы соғыстың жоғары ықтималдық ретінде бағалануы керектігін айтып, Иран мен аймақтың бұған дайын болуы керектігін ескертті.
Стар газеті «Венгрия Парламентінің төрағасы: Еуропа Түркияға мұқтаж» атты хабар жариялаған. Венгрия Ұлттық Мәжілісі төрағасы Ласло Кёвер Түркияның Еуропа Одағына (ЕО) мүшелігін қолдайтындарын айтты. Кёвер ЕО-ның алдағы қиындықтарына байланысты Түркияға мұқтаж екенін білдірді.
Йени Шафак газеті «Отандық электромобильдерге үлкен қызығушылық» тақырыбында мақала жариялаған. Түркияның отандық электр көлігі «TOGG» 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5 мың 604 сатылымға қол жеткізді. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде 17 мың 49 «TOGG» электро көлігі сатылды.
Хүрриет газеті «Түркия автокөлік өндірісінде Еуропада 4-ші орында» атты хабар жариялаған. Өткен жылы Түркияда 1 миллион 468 мың 393 автокөлік шығарылды. Осылайша Түркияның автомобиль өнеркәсібі Еуропада 4-ші орынға көтерілді.
Хабер Түрік газеті «Керем Актүркоглуның Палестина туралы жолдауына үлкен қолдау» тақырыбында хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Португалияның Бенфика клубында өнер көрсететін ұлттық құрама футболшысы Керем Актүркоглуның әлеуметтік желідегі Израильдің Палестинадағы басқыншылығына наразылығы халықаралық қолдау тапты. Португалияның атақты«Рекорд» газеті бұл үндеуді газетте жариялады.