Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2199751
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті  «Ердоған Нечирван Барзаниді қабылдады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ирак Күрд аймақтық үкіметінің төрағасы Нечирван Барзаниді қабылдады. Кездесуде Президент Ердоған Израильдің аймақты жаппай соғыс аймағына айналдыру қаупі бар екенін, Түркияның бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үлкен мән беретінін және Ирак билігінің елді қақтығыстардан аулақ ұстауға бағытталған күш-жігеріне ризашылығын білдірді.

 

Сабах газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің спикері Нуман Куртулмуш «Нетаньяху мен оның жақтастарына қарсы наразылығын білдірді» деген хабарға орын берген.  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Палестина Ұлттық кеңесінің төрағасы Рухи Феттухпен Мәжілістегі кездесуінде «Олар Батыс Шерияға басқыншылық жасады, бұл аздай Ливанға бет бұрды, бұл да жетпеді, Сирияға бағыт алды. Нетаньяху түпкі ниетіні білдіріп «Қиямет соғысы басталды» деп мәселені өршітті. Өкінішке қарай Нетаньяху мен оның жақтастары АҚШ пен батыс елдерінің қолдауымен Таяу Шығыста ор қазды. «Нетаньяху мен оның жақтастары өздері құрған орға түседі деп үміттенемін» деді.

 

«Ватан» газеті «Министр Каджыр 75-ші Халықаралық астронавтика конгресіне қатысты» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр биыл Италияның Милан қаласында өткен Халықаралық астронавтика конгресіне қатысты. Іссапарда бірқатар кездесулер өткізген Каджыр Біріккен Араб Әмірліктері Спорт министрі және Ғарыш агенттігінің президенті доктор Ахмад Белхоул Аль Фаласимен кездесті. Кездесу барысында екі елдің ғарыштық және спутниктік технологиялар саласындағы бірлескен жобалары талқыланды.

 

Стар газеті «Сауда министрі Болат африкалық іскер адамдар мен түрік шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат Африка және түрік шағын және орта бизнес өкілдері бас қосқан 11-ші Дүниежүзілік салааралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форумда Түркияның Африка елдерімен саудасының 20 жылда 7 есе өскенін, сауда көлемінің 2023 жылы 37 миллиард долларға шыққанын айтқан Болат «Африкамен сауда қарым-қатынастарымызды екіжақты табыс принципімен жүргіземіз» деді.

Хабер Түрік газеті «Энергетика және табиғи ресурстар министрі Байрактар ​​Қытайда» атты хабар жариялаған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​энергетика және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін Қытайға барды. Іссапарда министр Байрактар ​​Қытай Табиғи ресурстар министрі Ван Гуанхуамен кездесті. Екі министрдің кездесуінде Түркия мен Қытай арасында «Табиғи ресурстар және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар