Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2193305
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қажет болса күш қолдануы керек» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясын Израильдің шабуылдарын тоқтату үшін «қажет болса күш қолдануға» шақырды. Ердоған бірнеше радикал сионистің аймақты отқа орап жатқанын айтты.

Хүрриет газеті «Түркия езілгендердің үні болды» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзіне қатысты Түркияның жаһандық платформада еркіндік, әділдік, құқық және теңдік үшін күрескен барлық езілген халықтың үніне айналғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Израильдің нысанасы тек Газа емес» деген тақырып қолданған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Израильдің Ливанға шабуыл жасап, кейін Сирияны нысанаға алуының соңғы мақсатының бірі Түркия екенін айтты.

Стар газеті «Түрік Мемлекеттері Ұйымының жаңа бастамасы» деген хабарға орын берген. Түрік  Мемлекеттері Ұйымына мүше және бақылаушы елдер картография саласындағы ынтымақтастық үшін бас қосты. Мамандар «Ортақ түрік әліпбиі» сияқты «түрік әлемінің ортақ картасын» шығаруды мақсат етеді.

Ватан газеті «Текнофестке санаулы күн қалды» деген хабарға орын берген. Әлемдегі ең ірі авиация, ғарыш және технология фестивалі «TEKNOFEST» 2-6 қазан аралығында Адана қаласында өтеді. «TEKNOFEST» байқаулары жастардың ұлттық технологияны дамытуға қызығушылығын арттыруға бағытталған.



Ұқсас жаңалықтар