Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2187586
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ынталы елшісі жобасы түсіндіріледі» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның қамқорлығымен жүзеге асырылған «Ынталы елшісі» жобасы Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі аясында өтетін шарада бүкіл әлемге түсіндіріледі. Шарада Түркияның патронаттық отбасына қызмет көрсету моделі таныстырылады.

Сабах газеті «Түркия энергияның орталығы болады» атты хабар жариялаған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түркияның Иракпен бірге жүзеге асырған Даму жолы жобасымен табиғи газ барлауда әлемнің ең заманауи флоттарының бірін құрғанын және жаһандық энергия орталығы болу жолында екенін айтты.

Хүрриет газеті «Инвестициялық қорлардан Түркияға жақын маркетинг» деген хабарға орын берген. Түркия Республикасы Орталық банкінің резервтерінің жақсаруы, ағымдағы бюджет тапшылығының азаюы және инфляциялық күтулердің төмендеуі сияқты жаңалықтарға орай шетелдік инвесторлар Түркияға қызығушылық көрсетуде.

Йени Шафак газеті «Түркияны Болат күмбез қорғайды» атты хабар жариялаған. «Roketsan» бас директоры Мурат Икин Болат күмбездің бүкіл Түркияны ауадан келетін шабуылдардан қорғайтын жүйе екенін айтты. Жоба түрік әуе кеңістігін қамтитын бір қауіпсіздік қорған болуды мақсат етеді.

Стар газеті  «Эрсин Татар: Кипр ісінен шегінбейміз» деген хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Эрсин Татар Кипр мәселесінде ұстанған екі мемлекетті шешім саясатының дұрыс және орынды екенін, сондықтан кері қадам жасаудың мүмкін еместігін айтты.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар