Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2186341
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Қырымды Украинаға қайтару - халықаралық құқықтың талабы» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған «Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігін қолдауымыз жалғаса береді. Қырымның Украинаға қайтарылуы - халықаралық құқықтың талабы» деді.

Хүрриет газеті «Оңтүстік Кореядан супер жүрдек пойыз жобасына үлкен қызығушылық» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Сеулде әріптесі Пак Санг Вумен Анкара мен Стамбул арасында сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүре алатын супер жүрдек пойыз жобасын талқылағанын және кореялық әріптесінің жобаға қызығушылық керемет көрсеткенін айтты.

 Йени Шафак газеті «Сакария газ кенішінен жаңа жақсы хабар» деген тақырып қолданған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​жаңа табиғи газ өндіру базасының Сакария газ кен орнына жіберілетінін және 2026 жылдың ортасында өндіріс басталатынын айтты. «2026 жылдың ортасында Сакария газ кенішінен 20 млн текше метр өндірістің арқасында 8 миллион үйдің газы қамтамасыз етіледі» деді ол.

Сабах газеті «The Guardian» Түркияға келген туристердің таңданысын білдірді» деген хабар жариялаған. Ұлыбританияның «The Guardian» газеті Түркияға әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің тәжірибелерін қамтитын мақала жариялаған.  

Стар газеті «Түрік әлеміндегі тарихи шешім» деген тақырып қолданған. Түрік академиясы Түркі Мемлекеттері Ұйымы жанынан құрылған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі нұсқасында келіскенін хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар