Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2185938
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия ғана даму үстінде» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының орталығында қала басшыларының кеңейтілген жиналысында сөйлеген сөзінде ауыр дағдарыстар бастан кешкен географияда орналасқан Түркияның бірлігі мен ынтымағын сақтаған және экономика, туризм, қорғаныс өнеркәсібі, сыртқы саясат, сауда және қауіпсіздік салаларында ілгерілеп келе жатқан жалғыз ел екенін айтты.

Хүррийет газеті «Министр Фидан нақты сөйледі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 13 жылдан кейін алғаш рет қатысқан Араб Лигасы Сыртқы істер министрлері кеңесі ашылу рәсімі отырысында «Түркия Израильге сауда-саттық шектеу қойды. Израиль атысты тоқтату келісімін қабылдап, Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз қамтамасыз етпейінше, біз Израильмен сауданы қалпына келтірмейміз» деді.

Ватан газеті «Түркиядан Араб мемлекеттері лигасы елдеріне маңызды мұнай және табиғи газ ұсынысы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Араб елдерімен Даму жолы жобасы, табиғи газ, мұнай және маңызды кендермен байланысты ынтымақтастық және нақты жобаларды дамытуды мақсат еткендерін атап көрсетті.

Стар газеті «Жұмыссыздық көрсеткіштері 8,8 пайызды құрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядағы жұмыссыздар саны шілде айында өткен аймен салыстырғанда 112 мың адамға азайып, 3 миллион 167 мың адамға жетті. Жұмыссыздық көрсеткіші 0,4 балл төмендеп, 8,8 пайызды құрады.

Хабер түрік газеті «Fitch-тің Түркия бағалауы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі бас директоры және Түркия сараптамашысы Эрих Ариспе Моралес Түркияда ақша-несие саясатындағы қатаң ұстанымның сақталатынына үлкен сенім білдіргендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар