Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің тақырыптары.

2184963
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Сыртқы істер министрлігінен 'Айшенур Эзги Эйги' мәлімдемесі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели Батыс Шерияда Израиль әскерлері қолынан қаза тапқан Айшенур Эзги Эйгинің денесін отбасына жеткізу және жерлеу үшін қажетті жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлады.

Йени шафак газеті «Йылмаз: Биылғы жылдың соңында 264 миллиард долларлық экспорт күтеміз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Вице-президент Джевдет Йылмаз «Негізгі экспорттық нарығымыз болған Еуропада күрделі рецессия болса да, экспортшыларымыз үлкен жұмыс атқаруда. Экспортымыз артып келеді. Биылғы жылдың соңында 264 миллиард доллар экспорт күтеміз» деді.

Стар газеті «Қаратеңіздегі табысымызды мысалға келтірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс баспасөзі Түркияның Қаратеңіздегі аймақтық тәртіпті қалыптастыруда сәтті болғанын, Жерорта теңізінің шығысында өзіне қарсы жоспарларды бұзатын күште екенін атап көрсетті. Батыстың қысымға ұшыратқысы келетін Түркияның уайымдары мен мүдделері сөз болғанда геосаяси орталардың өзінде аймақтық ынтымақтастықтың мүмкін болатынын жазды.

Хабер түрік газеті «Байрактар: Аккую электр қажеттілігіміздің 10 пайызын қамтамасыз етеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түркияның алғаш атом электр стансасы және тұңғыш реакторы келесі жылы іске қосылатын Аккую атом электр стансасының Түркияның электр энергиясы қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Сабах газеті «Жылдың 8 айында сатылған әрбір 3 электромобильдің 1-і 'TOGG' болды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда "TOGG" жылдың 8 айлық кезеңінде 14 мың 849 дана сатылды және 31,57 пайыздық нарықтық үлесімен бренд рейтингінде бірінші орынға көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар