Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің тақырыптары.

2184010
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Тарихи саммит әлем баспасөзінде жаңғырық тудырды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сисидің Түркияға жасаған алғашқы сапары әлем баспасөзінде кең орын алды. Мысыр мен Түркия арасында жаңа бір кезеңнің басталғанын жазған газеттер Ердоған мен Сисидің Газа секторы мәселесінде ортақ бір ұстаным ортаға қойғанына назар аударды.

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрі Фидан: Нетаньяхудың өзі Газадағы геноцидтің басты жауаптысы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Скопьеде Солтүстік Македония Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимко Мукунскимен кездесуінің артынан мәлімдеме жасады. Газаға жасалған шабуылдарға қатысты Фидан «Геноцидке Нетаньяхудың өзі жауапты» деді.

Сабах газеті «Путин: Ердоған бұл мәселеде маңызды рөл атқарды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылы Стамбулда Украинамен келісім жасалғанын еске салып, президент Ердоғанның өте маңызды рөл атқарғанын білдірді. Путин Ресейдің Украинамен келіссөздерден бас тартпайтынын мәлімдеді.

Хүррийет газеті «Түркия-Мысыр арасындағы рейстер екі есеге артады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу азаматтық авиация саласында қол қойылған меморандуммен Түркия мен Мысыр арасындағы рейстерlің екі есеге артатынын хабарлады.

Стар газеті «Стамбул әуежайы 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайы атанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Аэронавигация қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық ұйымның 26 ​​тамыз - 1 қыркүйек аралығындағы «Еуропа авиациялық есебі» жарияланды. Стамбул әуежайы аталған кезеңде күніне орташа есеппен 1494 рейспен Еуропаның ең тығыз жұмыс істетін әуежайы болып тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар