Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Йени Шафак газеті «ТRТ тобы еврей басқыншыларының ішіне кіріп кетті» деген хабарға орын берген. ТRТ дайындаған деректі фильмімен террор мемлекеті Израильдің Батыс Шериядағы басқыншы көзқарасын әлемге жариялауға дайындалуда. Батыс Шериядағы ұшқары Израиль топтарына сіңген ТRТ тобы түсірген деректі фильм Палестина жерлерінің Израильдің қолдауымен қалай бөлшектеп басып алынғанын дәлелдермен көрсетеді.
Стар газеті «Достық елден керемет хабар» атты хабар жариялаған. Албания парламентінің төрағасы Элиса Спиропали елінің дәстүрлі достықтары Түркиямен стратегиялық серіктестігін нығайта түсетінін баса айтты. Спиропали «Парламентіміз Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісімен барлық деңгейде ынтымақтастығын кеңейтіп, халықтар арасындағы көп қырлы ынтымақтастық пен достықты жігерлендіретін болады» деді.
Хүррииет газеті «Қаржылық тұрақтылық күшейіп келеді» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек макроқаржылық тұрақтылықты нығайтқандарына тоқталып, «Іске асырған бағдарламамызбен макроқаржылық тұрақтылықты күшейту арқылы қатерді азайттық. Осылайша сыртқы қарыз алу шығындарымыз айтарлықтай төмендеді» деп көрсетті.
Сабах газеті «Стамбул әуежайы 303 миллион жолаушыны күтіп алды» атты хабар жариялаған. Төрт жыл қатарынан Еуропаның ең көп жұмыс істейтін әуежайы болған Стамбул әуежайы ашылғаннан бері 303 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті.
Хабер Түрік газеті «СКТР президенті Татар тағдыр бірлігіне тоқталды» деген хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Ерсін Татар 1071 жылы Манзикерт шайқасы, 1453 жылы Стамбул және 1571 жылы Кипрдің бағындырылуының тағдыр бірлігін құрайтын үш маңызды тарихи оқиға екенін атап көрсетті.