Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хүрриет газеті «Түркияның Израильдің TRT тобына жасаған шабуылына наразылық» деген хабарға орын берген. Израиль армиясы Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласының қауіпсіз аймағында Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) «Arabi» тобының көлігін нысанаға алды. Түркия Ұлы Ұлтттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш, Вице-президент Джевдет Йылмаз, Әділет және даму партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик шабуылды айыптады.
Сабах газеті «Хамас пен Түркия арасындағы маңызды байланыс» атты хабар жариялаған. Хамас лауазым иелері мен Түркия арасында кездесу өтті. Катардың астанасы Дохада атысты тоқтату және тұтқын алмасу келіссөздері талқыланды.
Стар газеті «Түркия Газаға көмек қолын созуда» деген хабарға орын берген. Түркия басқыншы Израильдің шабуылына ұшыраған мыңдаған палестиналық азаматқа гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Түркия Газаға осы уақытқа дейін 50 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді.
Йени Шафак газеті «Бағдатпен азаматтық ынтымақтастық» атты хабар жариялаған. Түркия мен Ирак арасындағы лаңкестікпен күрес ынтымақтастығы сауда және көлік салаларын қоса кеңейтуде. Бағдадта құрылатын ортақ орталықта әскери өкілдерден бөлек, кеден және азаматтық авиация сияқты мекеме өкілдері де жұмыс істейді.
Ватан газеті «Түркияда шағын әуежайлар салынады» деген хабарға орын берген. Тік ұшып-қонатын ұшақтар мен басқа да ұшақтар үшін Түркияның барлық жерінде әуе кампустары құрылады. Ұшқыш және ұшқышсыз әуе аппараттарды, азаматтық авиацияны дамыту қамтамасыз етіледі.