Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2175314
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркиядан әл-Ақса мешітіне жасалған шабуылға наразылық» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрлігі «Араларында министрлер де бар жүздеген радикал израильдіктің полиция қорғауында Әл-Ақса мешітіне басқын жасауы Иерусалимнің тарихи мәртебесін бұзатын және аймағымыздағы шиеленісті одан әрі күшейтетін бір арандатушылық болып табылады» деп мәлімдеме жасады.

Хабер түрік газеті «Министр Фиданның маңызды кездесулері» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катар және Мысыр Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесіп, израильдік министрлердің Палестина жерлерін басып алған фанат еврейлермен Әл-Ақса мешітіне жасаған басқыны мен Газа секторындағы соңғы жағдайды талқылады.

Стар газеті «Түркияның «темір күмбезі» әлем баспасөзінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Израильдің «темір күмбезімен» бәсекелесе алатын қабатты әуе қорғаныс жүйесін дамытуды мақсат еткен ауқымды бағдарламаны бастағанын жазған шетел баспасөзі Түркия Израильдің «әуе қорғаныс күмбезіне» отандық «темір күмбезімен» әуе қорғаныс жүйесімен қарсы тұрмақ.

Сабах газеті «Түркияға инвестиция артады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Вице-президент Джевдет Йылмаз халықаралық компаниялардың Түркияға құятын инвестициялық шешімдерін жариялайтын кезеңге кіргенімізді баса айтып, «Әлемнің алдынғы қатарлы инвестициялық компанияларының жоғары лауазымды тұлғаларын Президентіміздің басшылығымен өтетін 28 қыркүйекте жүзеге асырылатын Инвестициялық консультативтік кеңес отырысына шақырдық» деді.

Йени шафак газеті «Түркияға халықаралық тікелей инвестиция кірісі ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында 4,7 миллиард долларға жетті. Хабарға қарағанда Түркияға келген халықаралық тікелей инвестиция ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында 4,7 миллиард долларға жетті. Түркияға алғашқы алты айда ең көп инвестиция салған елдер Нидерланды, АҚШ, Германия, Ирландия, Норвегия және Ұлыбритания болды.



Ұқсас жаңалықтар