Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2174748
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті  «Министр Фидан америкалық әріптесімен кездесті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Қарсы тараптың өтініші бойынша өткізілген кездесуде Израиль мен Хамас арасындағы келіссөз процесі және аймақтағы шиеленістің артуы талқыланды.

Хүрриет газеті «Өмер Челик: Израиль атысты тоқтатуды бұзуда» атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары және партия баспасөз хатшысы Өмер Челик Израильдің Газадағы геноцидіне наразылық білдірді. Челик «Адамзат тарихындағы ең геноцидшіл үкімет ретінде Нетаньяху үкіметі мен оның қарақшылары   сотталу керек. Израиль атысты тоқтатуды бұзып жатыр» деді.

Сабах газеті  «Министр Гүлердің Сирия мәлімдемесі» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Сириямен келісілген жерде еларалық делегация кездесуінің өткізілуі мүмкін екенін айтты. Министр Гүлер «Түркия жаңа конституция қабылданып, сайлау өткізіліп, шекаралар бекітілгеннен кейін ғана Сириядан шығуға байланысты үйлестіруді талқылай алады» деді.

Йени Шафак газеті  «Араағайындықтың орны Түркия» атты хабар жариялаған. Түркияның арағайындығымен Эфиопия және Сомали делегациялары Анкарада Сыртқы істер министрлігінде бас қосты. Түркия Африкадағы саяси, экономикалық, дипломатиялық және гуманитарлық жұмыстарымен аймақтағы мәселелердің шешілуіне үлес қосуда.

Хабер Түрік газеті «20 облыстың экспорты 1 миллиард доллардан асты» деген хабарға орын берген. Сауда министрлігі облыстар бойынша шілде айындағы экспорт деректерін жариялады. Сәйкесінше Стамбул шілде айында 6 миллиард 586 миллион доллармен ең көп экспорт жасаған облыс болды. Қаланың экспорты өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 53,8 пайыз артты. Қаңтар-шілде кезеңінде 20 облыс 1 миллиард доллардан астам экспорт жасады және 51 облысында сыртқы сауда өсті.



Ұқсас жаңалықтар