Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Ватан газеті «Байден ҰБҰ басқаратын тұтқын алмасу операциясын тікелей эфирде бақылап отырды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ҰБҰ делдалдық жасаған 1 тамыз күнгі тарихи алмасу операциясы туралы егжей-тегжейлер белгілі бола бастады. Әрі АҚШ, әрі Ресей тұтқын алмасуының Түркияда жүзеге асырылуын сұрады. Бұл таңдауда екі елдің Түркияға деген сенімі маңызды фактор болды. Түркия АҚШ пен Ресейге «сіз мәлімдеме жасамайынша біз мәлімдеме жасамаймыз» деп кепілдік берді. АҚШ президенті Джо Байден тарихи алмасу операциясын тікелей эфирде бақылап отырды.
Йени шафак газеті «Солтүстік Ирактағы бес жаңа база» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Қарулы күштері (ТҚК) «Пенче-килит» операциясымен террордан тазартқан Ирактың солтүстігіндегі жаңа аймақтарда қауіпсіз аймақ орнату үшін бес жаңа база құрмақ. Түрік қарулы күштері базалар орналасатын аймақтарда іздеу-тексеру жұмыстарын аяқтады.
Стар газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде «Махмуд Аббас» үшін дайындықтар басталды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббастың Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Жалпы кеңесінде үн қататын 15 тамыз күнгі кезектен тыс жиналысқа байланысты Парламенттегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Президент Ердоған да баяндамасын тыңдайтын кездесуге Израильдің Газадағы шабуылдарында жарақат алған және Түркияда емделіп жатқандар да шақырылады.
Сабах газеті «Аяқ киім өндірісі бойынша 6-шы орындамыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның аяқ киім экспорты биылғы жылдың алғашқы 6 айында 588,7 миллион доллар болып жүзеге асты. Әлемде 6-шы ең үлкен өндіруші түрік аяқ киім өнеркәсібі 2030 жылы 6,8 миллиард долларлық сауда көлеміне жетуді мақсат етіп отыр.
Хабер түрік газеті «Француз аспазшы Лефеврден түрік тағамдарына мақтау» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда француз асханасының алдынғы қатарлы аспаздарының екі Мишелин жұлдызы иегері Жулиен Лефебвр түрік асханасының теңдесі жоқ ерекше дәмі бар маңызды гастрономиялық құндылық екенін атап көрсетті.