Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хүрриет газеті «Президент Ердоған мен Катар Әмірі бас қосты» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкарада Катар Әмірі Шейх Тамим ибн- Хамед әл-Танимен бас қосты. Басшылардың кездесуінде негізгі күн тәртібін Таяу Шығыстағы оқиғалар құрайды. Басқыншы Израильдің Палестина мен Ливанға жасаған шабуылдары мен Тегеран-Тель-Авив желісіндегі шиеленістің күшеюі талқыланады. Қанішер Нетаньяху үкіметін атысты тоқтатуға мәжбүрлеу және палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін басылатын ортақ қадамдар да күн тәртібінде.
Йени Шафак газеті «Түркия мен Албания қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты күшейтеді» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған мен Албания премьер-министрі Эди Рама телефон арқылы сөйлесті. Әңгімеде Түркия мен Албания арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ілгері деңгейде екенін, сауда, экономикалық және әскери байланыстар арқылы қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың басылатын қадамдармен одан әрі нығая түсетінін білдірді.
Стар газеті «Темір күмбезі грек баспасөзінде орын алды» деген хабарға орын берген. Түркияның көп қабатты және жасанды интеллектуалды «Темір күмбез» құру әрекеті грек баспасөзінде кең жаңғырық жаратты. Түрік қорғаныс өнеркәсібіндегі дамудың жалғасып жатқанын атап көрсеткен Грекия баспасөзі «Түрік аспанында құс та ұшпайды» деген тақырыпқа орын берді.
Хабер Түрік газеті «Ежелгі Эфес қаласы алғашқы 7 айда ең көп келушілерді қабылдаған мұражай» атты хабар жариялаған. Измирдің Селчук ауданында жыл сайын турист көп келетін ежелгі Эфес қаласы қаңтар-шілде айларында 1 миллион 444 мың 405 келушіні қабылдады. Осылайша ежелгі Эфес қаласы алғашқы 7 айда жергілікті және шетелдік келушілер санын арттырып, Түркияда ең көп келушілерді қабылдаған мұражай болды.