Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2172439
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Израиль министрінің әлеуметтік медиа жазбасына Түркия наразылық көрсетті» деген хабарға орын берген. Израиль Сыртқы істер министрі Йизраэль Кацтың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты Сыртқы істер министрлігі «Аталмыш тұлға өзі абыройын жоғалтқан» деді. Мәлімдемеде «Түркия кешегідей осы таңда да палестиналықтарға қолдауын табандылықпен жалғастырады» делінді.

Хүрриет газеті «Фиданның Палестина мемлекеті туралы мәлімдемесі» атты хабар жариялады. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израильдің Палестинаға жасаған шабуылына қатысты «Палестиналықтардың шынайы мемлекетке ие болуына тосқауыл қоюуда. Палестина мемлекеті құрылмайынша, ол географияда ешқандай тыныштық болмайды» деді.

Сабах газеті «Түркияның бойқот шешімі Израильге үлкен соққы» деген хабарға орын берген. Түркия  Газадағы қырғынға байланысты мамыр айында Израильге бойкот жариялау туралы шешім қабылдады. Израильдік БАҚ-та түрік бойкотының таңғаларлық нәтижелерін қарастыратын талдаулар жарияланды. Түркияның бойкот шешімінің Израиль үшін үлкен соққы болғаны баса айтылды.

Стар газеті «Әлемдегі ең үлкен 100 қорғаныс компаниясы жарияланды» атты хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарында, қорғаныс өнеркәсібінің әлемдегі ең беделді тізімі деп қабылданған "Defense News Top 100"-дегі түрік компаниялары арасында Аселсан 42-ші кезекте орын алды. Түрік ұшақ өнеркәсібі серіктестігі TUSAŞ 50, Рокетсан 71, Машина және химия индустриясы 84 және Әскери зауыт және кеме жасау компаниясы ASFAT 94-ші кезекте орын алды.

Ватан газеті «Волейболдан ұлттық әйелдер құрамасы жартылай финалда» деген хабарға орын берген. Волейболдан әйелдер командасы 2024 жылы Парижде өтіп жатқан  Олимпиада ойындарының ширек финалында Қытайды 3-2 есебімен жеңді. Осылайша олимпиада ойындары тарихында алғаш рет жартылай финалға жолдама алды. Түрік құрамасы жартылай финалда Италия-Сербия матчының жеңімпазымен  жарысады.



Ұқсас жаңалықтар