Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Йени шафак газеті «Ердоған: Батыс Израильдің сыбайласы» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының Адам құқығы оқу бағдарламасында сөйлеген сөзінде «Израиль газалықтарды бомба және оқпен өлтіріп қана қоймайды. Адамдарды аш, сусыз және тамақсыз қалдырып өлтіреді. Батыс Израильдің сыбайласы. Жасырмай-ақ қолдауларын ашық түрде қанішерлерді алақандары ісінгенше қол шапалақтау арқылы мұны көрсетті» деді.
Сабах газеті «Ердоған: Ханияны өлтірумен шектен шықты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін жасаған мәлімдемесінде «Хамас саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханияның шейіт болуымен Газа дағдарысында шектен шықты» деді.
Ватан газеті «Гүлер: Ұлтымыздың аман қалуы үшін қажетті күш-қайратымыз бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер «Аймақта экспансионисттік мақсаттары барларға, бұл жағрапияны өздерінің опасыз жоспарларын жүзеге асыру өрісі деп есептейтіндерге қарсы еліміз бен ұлтымыздың аман қалуы үшін қажетті күш-қайратымыз бар» деді.
Стар газеті «Түркияның қорғаныс өнеркәсібінен НАТО табысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық аренада үлкен сұранысқа ие түрік қорғаныс өнеркәсібі мен технологиялары НАТО-ға коммуникациялық қызмет көрсетеді. Түрік қорғаныс өнеркәсібінің үлкен табысы ретінде аталған жоба үшін Ұлыбритания, Голландия және Грекияда 22 жерде жүйе орнатуға келісім-шартқа қол қойылды.
Хабер түрік газеті «Шимшек: Жылдық инфляция төмендеп жатыр» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек жылдық инфляцияның маусым айымен салыстырғанда 9,8 ұпай төмендеп, 61,8 пайызға жеткенін білдіріп, «Инфляцияның төмендеуі алдағы кезеңде көбірек сезіледі» деді.