Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2170513
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Өңірімізді қан теңізіне айналдырғысы келетіндерге мүмкіндік бермейміз» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған және Жоғарғы Әскери Кеңес мүшелері Президенттік сарайдағы жиналыс алдында ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейі орналасқан Анытқабірге барды. Президент Ердоған Анытқабір арнайы кітапшасына «Біз өңірімізді қан теңізіне айналдырғысы келетіндерге мүмкіндік бермейміз және өз азаматтарымызбен қатар достарымыздың да сенімділік көзі болып қала береміз» деп жазып қол таңбасын қалдырды.

Стар газеті «Ердоған Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған  АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті. Ердоған АҚШ президенті Джо Байденге Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әкімшілігінің Газада атысты тоқтату мен бейбітшілікті қаламайтынын әр қадамында көрсеткенін, Нетаньяхудың өткен аптада АҚШ Өкілдер палатасында сөйлеген сөздерінің Түркия мен әлемді қайғыға батырғанын айтты. Ердоған  31 шілдеде Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияға Иранда жасалған қастандықтың атысты тоқтату әрекеттеріне ауыр соққы бергенін және Израильдің Газадағы өртті бүкіл аймаққа тарату үшін жұмыс істеп жатқанын білдірді.

Хүрриет газеті  «Анкарада АҚШ пен Ресей арасындағы тұтқын алмасу» деген хабарға орын берген. Ұлттық барлау ұйымы жеті  елдің (АҚШ, Германия, Польша, Словения, Норвегия, Ресей және Беларусь) түрмелерінде барлығы 26 адамның өзара алмасуын қамтитын соңғы кезеңдегі ең жан-жақты алмасуды Анкарада өткізді.

Хабер Түрік газеті  «АҚШ пен Ресей Түркияға алғыс айтты» атты хабар жариялаған. АҚШ президенті Байден мен Мемлекеттік хатшы Блинкен Ұлттық барлау ұйымы  басқарқан тұтқын алмасуда қосқан үлесі үшін  Түркияға алғыс айтты. Кремль жасаған мәлімдемеде Ұлттық барлау ұйымы  басқарған тұтқын алмасу жұмыстарына  көмектескен барлық елдерге алғыс айтылды.

Сабах газеті «Түрік волейболшы қыздар ширек финалға шықты» деген хабарға орын берген. Түркияның  волейболдан  әйелдер құрама командасы Париж 2024 Олимпиада ойындарындағы екінші кездесуінде Доминикан Республикасын 3-1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар