Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2169389
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Израиль Гитлердің көлеңкесінде қалды» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Әділет және даму партиясының (АК партия) кеңейтілген жиналысында сөйлеген сөзінде «Газада 300 күннен бері аяусыз геноцид жүріп жатыр, Израиль бомбаны жаңбырдай жаудырып, 40 мың палестиналық бауырымызды аяусыз шейіт қылды. Гитлерді шаңында қалдыратын айуандық жасады» деді.

 Стар газеті «Түркия мен Армения арасын қалыпқа келтіру. Шекарада өкілдер арасында маңызды кзедесу» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия-Армения арнайы өкілдері Кылыч пен Рубинян шекарада кездесті. Екі елдің шекарасындағы Аликан-Маргара шекара қақпасында өткен кездесуде арнайы өкілдер бұрынғы кездесулерінде келіскен мәселелерді бекітті.

Сабах газеті «5 миллион үйдің табиғи газ қажеттілігін қанағаттандырады» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түркияның алғашқы қалқымалы өндірістік платформасы Сингапурдан Түркияға қарай жолға шықты. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​«Жүзетін өнеркәсіптік база деп есептеуге болатын осы үлкен платформа арқылы біз күніне 5 миллион үйдің қажеттілігін қамдайтындай табиғи газ өндіреміз» деді.

Ватан газеті «Зевстің мәрмәрден жасалған басы Афродисиас ежелгі қаласында табылды» деген хабар жариялаған. Түркияның Айдын уәлаятында Афродисиас ежелгі қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Зевске тиесілі мәрмәр бас табылды. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой «Афродисиастан бірегей жаңалық» деген жазба жариялап, «Ғасырлардан кейін күн жарығын қайта көрген мәрмәрден жасалған бас мүсін грек мифологиясындағы ең күшті және маңызды құдай Зевстің ұлылығын паш етіп тұр» деген.

Хабер Түрік газеті «Түркия 2024 Париж Олимпиада ойындарында 10 метр пневматикалық тапаншадан күміс медаль алды» деген хабар жариялаған. 2024 Париж Олимпиада ойындарында Юсуф Дикеч пен Шеввал Илайда Тарханнан құралған 10 метрлік пневматикалық тапаншадан ату бойынша түрік құрама командасы финалда Сербиядан 16-14 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.



Ұқсас жаңалықтар