Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Ватан газеті «Түркиядан Израильге наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі Израиль Сыртқы істер министрі Йизраэль Катцтың президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алған хабарламасына қатаң наразылық көрсетті. Министрлік мәлімдемесінде «Қанішер Гитлердің тағдыры қалай аяқталса, қанішер Нетаньяхудың да соңы да солай болмақ. Қанды қырғынға ұшыратқан нацистер қалай жауапқа тартылса, палестиналықтарды жоюға тырысқандар да есеп береді» деді.
Стар газеті «Ирак пен Сирияның солтүстігінде PKK-ға тағы бір соққы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағында анықталған PKK-лық 3 террорист пен Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағында анықталған PKK/YPG-лік 4 террорист кеше залалсыздандырылды.
Сабах газеті «TOGG-тың 4х4 моделі келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр TOGG-пен арманға қол жеткізілгенін атап, TOGG-тың 4 доңғалақты жетек (4х4) нұсқасының алдағы айларда келетінін жариялады.
Хүррийет газеті «Садақ атудан ұлттық құрамасының Парижде алғашқы медалі» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Париж 2024 Олимпиада ойындарының үшінші күні Әдеттегідей садақ атудан ерлер құрамасы үшінші орын үшін сайысқа түскен матчта Қытайды жеңіп, садақ ату саласында қола медальге қол жеткізді.
Хабер түрік газеті «Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы Олимпиаданы жеңіспен бастады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Париж-2024 Олимпиадасының «С» тобындағы алғашқы матчында Голландияны 3-2 есебімен жеңді. Ұлттық құрама Доминикан Республикасымен топтағы екінші матчында 1 тамыз бейсенбі күні Түркия уақытымен сағат 10:00-де Доминик Республикасымен ойнайды.