Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2161333
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Біз НАТО-дағы алғашқы 5 елдің біріміз» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған НАТО саммиті үшін АҚШ-қа аттанар алдында жасаған мәлімдемесінде «Түркия - НАТО-ның миссиялары мен операцияларына ең көп үлес қосқан 5 одақтастың бірі. Біз ауыртпалықты бөлісуде өз үлесімізді қосудамыз. Құрлықта, теңізде және әуеде дамыған қабілеттерімізбен НАТО-ның тірегі болған елдер қатарындамыз» деді.

Ватан газеті «Газада Палестина халқына қарсы қырғындарды күн тәртібіне келтіреміз» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған НАТО саммитінде ортақ құндылықтар шынайылықпен сыналған Газада Палестина халқына қарсы қырғындарды күн тәртібіне келтіретінін айтты.

Йени Шафак газеті «Türksat 6A-да бәрі жақсы» деген тақырып қолданған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның тұңғыш ұлттық байланыс серігі «Türksat 6A» ұшырылғаннан кейін барлығының жақсы екенін айтты.

Стар газеті «Түрік ғалымдары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вакцинасында әлемде біріншілікке қол жеткізді» деген тақырып қолданған. Кайсери Эржиес университетінің Вакцинаны дамыту орталығында шығарылған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы вакцина әлемде алғаш рет ФАЗА-1 сатысынан өтіп, ФАЗА-2 сатылық зерттеуін бастады.

Сабах газеті «Қытайдың көлік алыбы Түркияны таңдады» деген тақырып қолданған. Қытайлық автокөлік алыбы «BYD» Түркияға инвестиция салуға шешім қабылдады. Компания шамамен 1 миллиард доллар инвестициямен 150 мың көлікке арналған өндіріс орнын құрмақ. Өндіріс орнында 5 мың адам жұмыспен қамтылады. Аталмыш компанияның жаңа инвестиция үшін Түркияны таңдауы шетелдік баспасөзде кең орын алды.



Ұқсас жаңалықтар