Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Ватан газеті «Қызыл санаттағы 2 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Батманның ауылдық аймағында жүргізілген «Боздоған-45» операциясында «қызыл» санатта іздеу салынған 2 террорист залалсыздандырылды. Айт мерекесі бойынша іздеу салынған террористтер тізімінде «қызыл» санатта 2, «қызғылт сары» санатта 4, «сұр» санатта 2, барлығы 11 террорист залалсыздандырылды.
Стар газеті «Келіссөздер басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Алжир Сауда делегациясының жиналысында сөйлеген ТР Сауда министрі Өмер Болат Түркия мен Алжир арасындағы 10 миллиард долларлық сауда нысанасына қол жеткізу тақырыбында нық қадамдар басқандарын атап, «Жақсы хабарды жеткізгім келеді. Екі ел арасында сауда келісімі келіссөздері жақын арада басталады» деді.
Хабер түрік газеті «Анталия әуежайынан жаңа рекорд» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Анталия әуежайында 22 маусым күні 199 мың 751 жолаушы және 1 175 ұшақ қозғалысымен жылдың ең көп рейсі және жолаушы санының тіркелгенін жариялады.
Хүррийет газеті «ТӘЖ тоғызыншы рет ‘Еуропаның үздік әуежолы компаниясы’ атанды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) «2024 Әлемнің үздік әуежолы компаниялары» сыйлығы аясында «Skytrax» тарапынан «Еуропаның үздік әуежолы компаниясы» болып таңдалды. Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда өткен Әлемдік әуе компанияларын марапаттау рәсімінде тоғызыншы рет Еуропаның үздік әуежолы компаниясы болып сайланған ТӘЖ сондай-ақ «Әлемнің үздік бизнес-кластағы тамақтандыру қызметі» және «Оңтүстік Еуропаның үздік әуежолы компаниясы» сыйлығымен марапатталды.
Сабах газеті «Құпияға толы 3 300 жылдық жаңалық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қырыккаледе қазба жұмыстарын жүргізген археолог Кимиёши Мацумура Бүклюкале қазба аймағынан Хетт империясы дәуіріне тиесілі 3 300 жылдық бір тақтайшаны тапты. Тақтайшада «хэт» және «хурри» тілдерінде жазылған және хэт патшалық отбасының діни рәсімдері туралы жазылған.