Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2148992
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоғаннан әлемге Газа шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 7 қазан күнінен бері Газа секторында Израиль тарапынан 15 мыңнан астам бала мен сәбидің жауыздықпен өлтірілгеніне назар аударды. Ердоған бүкіл әлемге жасаған шақыруында «Газа секторында айлар бойы бомбалармен бейкүнә балалардың қырылуына қарсы нақты қадамдар басуға шақырамын» деді.

Хабер түрік газеті «Экономикалық бағдарлама болжамнан жақсы жұмыс істейді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек ТР Орталық банкіне соңғы 2 айда 65 миллиард долларлық резерв жиналғанын мәлімдеді. Министр Шимшек «Тарихта бұрын-соңды болмаған резерв ағыны бар. Экономикалық бағдарлама болжамнан жақсы жұмыс істейді» деді.

Стар газеті «Түркия 6 ауылшаруашылық өнімін өндіру және 5 өнім экспорттау бойынша әлемде көшбасшы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Түркияның орман жаңғағы, шие, інжір, өрік, айва және қараған өндірісінде әлемде бірінші орында екенін атап, орман жаңғағы, кептірілген өрік, кептірілген інжір, мейіз және айва өнімдерінің әлемдік экспортында да бірінші орында тұрғанын хабарлады.

Хүррийет газеті «Түріксат 6А жерсерігінің ғарыш сапары басталады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Түріксат 6А» жерсерігі ғарышқа ұшыру үшін АҚШ-қа жіберілді. Жерсерігінің ғарышқа шілденің екінші аптасында жіберілетіні білдірілді. Түркия «Түріксат 6А» арқылы коммуникациялық жерсерігін шығара алатын 10 елдің қатарына енді.

Ватан газеті «Су өнімі өндірісінде рекорд» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның су өнімдері өндірісі 2023 жылы 2 миллион тоннаға жақындады. Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы салаға көрсетілген қолдаудың арқасында Түркияның тарихындағы рекордын жаңарғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар