Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2147968
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Азаматтарды өлтірмек болғандардың көзін құртамыз» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше бас  қала Анкараның Қызылджахамам ауданында сөйлеген сөзінде ФЕТӨ-мен күресте табандылық білдіріп, «ФЕТӨ-мен күресте тоқмейілсуге немесе сақтық шараларын жеңілдетуге жол бере алмаймыз. Азаматтардың өмірі мен тыныштығына қауіп төндіретіндердің көзін құртамыз» деді.

Хабер түрік газеті «Түрік журналистіне жасалған шабуылды айыптау» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «CNN Türk» арнасының АҚШ-тағы өкілі Юнус Паксойға ФЕТӨ басшысы Фетуллах Гүлен тұратын АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы террор ұйымының штаб-пәтері алдында телехабар тарату кезінде шабуыл жасалды. ТР Сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, АҚШ билігін шабуылды жасаған және қоздырғандарды заң алдында жауапқа тарту үшін қажетті бастамаларды қолға алғанын мәлімдеді.

Сабах газеті «Ирак пен Сирияның солтүстігінде PKK-лық 16 террорист залалсыздандырылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Метина аймақтары мен Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында PKK-лық 16 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Стар газеті «4-ші маусым күні АҚШ-қа жіберіледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік инженерлері шығарған ең жоғары отандық ресурстармен өндірілген «Түріксат 6A» ғарышқа ұшырылу үшін 4 маусым күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Кейп Канаверал әуе күштері станциясына жіберіледі.

Йени шафак газеті «Ирак шекарасындағы Дережикте екі мұнай барлау кен орны құрылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирак шекарасындағы Дереджикте екі мұнай барлау кен орны құрылды. Ирак шекарасындағы Хаккари ауданындағы Дереджикте «Дережик-1» және «Анадағ-1» атты екі мұнай кен орны құрылды. Жақында мұнай кен орындарында бұрғылау жұмыстары басталады.



Ұқсас жаңалықтар