Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Хүррийет газеті «Министр Фиданның бірінен соң бірі маңызды кездесулері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті. Фидан Биллстреммен әңгіме барысында Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі, Түркия-Швеция-Финляндия тұрақты ортақ механизмінің отырыстарына дайындықтар және Түркия-ЕО қарым-қатынастарын талқылады. Фиданның Мередовпен әңгімесінде өзара қарым-қатынастар мен көпжақты платформалардағы әсіресе энергетика және азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Хабер түрік газеті «Соңғы 1 аптада 63 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігінің баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі адмирал Зеки Актүрік Ирак пен Сирияның солтүстігінде өткен аптада 63 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады.
Йени шафак газеті «Энергетика әлемінің жүрегі Стамбулда соғады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Халықаралық энергетикалық экономика қауымдастығының 45-ші конференциясы Түркияның ұйымдастыруымен өтеді. Түркия энергия экономикасы қауымдастығының ұйымдастыруымен маусым айында өтетін шараға осы уақытқа дейін 68 елден 500-ден астам өтініш келіп түсті.
Сабах газеті «ТҰҰМ мен Испания Орталық банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Республикасы Орталық банкі мен Испания Орталық банк тақырыптарында бойынша ынтымақтастықты жетілдірудің негізін қалау мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Стар газеті «Үш рекорд қатарынан жаңартылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарадағы Финляндия елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Джона Селин Түркия мен Финляндия арасындағы сауданың қатарынан рекордтық үшінші жылы екенін атап көрсеткен Финляндияның Түркиядағы елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Джона Селин екі елдің биыл 3 миллиард еуро сауда көлеміне жету жолында ілгерілегенін білдірді.