Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2065095
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Израиль - террор мемлекеті» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясының төрағасы, президент Режеп Тайып Ердоған партиясының мәжілістегі жиналысында  «Израиль – террористік мемлекет. Біз геноцидпен бетпе-бет келіп отырмыз» деді.

Хүррийет газеті «Түркиядан Газаға медициналық көмек» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Газа секторына медициналық көмек тасымалдаған әскери ұшақ Кайсериден көтеріліп, Мысырға қонды. Газа секторына медициналық материал тасымалдаған ұшақта дәрігерлер және медбикелерден тұратын 9 денсаулық сақтау қызметкері де мінді. Денсаулық сақтау қызметкерлері Мысыр Денсаулық сақтау министрлігімен жүргізілген ынтымақтастық аясында жарақат алған бейбіт тұрғындарды емдеу үшін жұмыс істейді.

Стар газеті «СКТР президенті Татар: Президент Ердоғанның жолдамалары бізге күш береді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар «Президент Ердоған мырзаның Біріккен Ұлттар Ұйымында айтқан ‘Кипр енді жаңа тұғырға көтерілді. Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тану, Кипр түрік халқына бағытталған оқшаулау мен эмбаргоның жоятын уақыт келді’ деген шақыруы біздің қазіргі талпынысымызға үлкен күш берді» деді.

Сабах газеті «Аккую АЭС-ті іске қосатын кезең белгіледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры Сама Бильбао и-Леон Аккую АЭС жобасына қатысты «Аккую АЭС-тің бірінші блогы келесі жылы іске қосылады» деген хабарламасын «Өте керемет жаңалық» тақырыбымен жариялады. Леон 4 қондырғының болса, 2030 жылға дейін іске қосуды жоспарлағанларын мәлімдеді.

Ватан газеті «Министр Ерсой: Туризмдегі кірісіміз алғашқы 9 айда 42 миллиард долларға жетті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой кеше жасаған мәлімдемесінде «Алғашқы 9 айда туризмнен түскен табысымыз 42 миллиард долларда құрады. Бұл Орташа мерзімді жоспар нысанамыз бойынша 55,6 миллиард долларлық мақсатпен сәйкес келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар