Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

Хүрриет газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмуш Понти әкімшілігіне қатал наразылық көрсетті» деген хабарға орын берген. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш кеше Ирландияның астанасы Дублинде өткен Еуропа Парламенті төрағалары конференциясына қатысты. Куртулмуш конференцияда «Түркияның Кипрда, Әзербайжанның болса Қарабахта басқыншы» деген Кипр Понти әкімшілігінің Өкілдер мәжілісі төрағасы Аннита Деметриудың сөздеріне қатал жауап берді. Куртулмуш «Кипрдегі басқыншы Түркия емес, 1960 жылы құрылған заңды Кипр Республикасын жойып, Республиканы басып алған Понти әкімшілігі » деді.
Йени Шафак газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігі: 1 қаңтардан бері 1351 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялады. Ұлттық Қорғаныс министрлігі 1 қаңтар күнінен бері 1351 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады. Осылайша 2015 жылдың 24 шілдесінен бері залалсыздандырылған террористтер саны 38 мың 694-ке жетті.
Сабах газеті «Түркия Молдавия табиғи газ экспорттайды» деген хабарға орын берген. Екі ел арасында Түркиядан Молдавияға күніне 2 миллион текше метр табиғи газ экспорттау туралы келісім жасалды.
Стар газеті «Гусман: Президент Ердоған өте күшті көшбасшы, әлемдегі маңызды мәселелердің шешімі Түркиясыз жүзеге аспайды» атты хабар жариялаған. Ресейде президент Режеп Тайып Ердоғанның өмірі туралы деректі фильм дайындаған журналист Михаил Гусман «Президент Ердоған ұлы тұлға, өте күшті көшбасшы. Түркияның мүдделерін және Түркияның әлемдік аренадағы рөлін осы уақытқа дейін көтерді. Әлемде маңызды мәселелер Түркиясыз шешу мүмкін емес» деді.
Хабер Түрік газеті «Түрік университеттерінің тарихи табысы» атты хабар жариялаған. Халықаралық жоғары білім рейтинг агенттігінің «THE» 2024 рейтингінде 3 түрік университеті үздік 400-ге және 11 түрік университеті алғашқы 1000 университетке кірді. Тізімге Түркиядан барлығы 75 университет тізімге кірді және Түркия әлемде ең көп өкілдік еткен 7-ші ел болды.