Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2043485
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Қарабах  Әзербайжан территориясы» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Әзербайжанның «Еске алу күнінде» барлық шәйіттерді еске алды. Ердоған «Қарабах және басып алынған Әзербайжан аумақтарының азаттық күресінің бастауы болған «Еске алу күнінде» барлық шейіттерімізді және ардагерлерімізді құрметпен еске аламын. Қарабах Әзербайжан территориясы» деді.

Сабах  газеті «88 жылдың шыңы» атты хабар жариялаған. Түрік мұнай акционерлік қоғамының бас директоры Мелих Хан Билгин Сакария газ кенішіндегі қуаттың кезең-кезеңімен арттырылатынын айтып, «Бүгінгі жағдай бойынша Түркия Сакария газ кенішінен күніне шамамен 4 миллион текше метр газ өндіреді. Біз өндіретін газбен бірге газ өндірісі  88 жылдық тарихи шыңына жетті» деді.

Хабер Түрік газеті  «Руслана: Түрік халқының қолдауы маңызды» деген хабарға орын берген. Украиналық әнші 2004 жылғы «Eurovision» байқауының жеңімпазы Руслана елінің және халқының түрік халқының қолдауына риза екенін баса айтып, «Сіздердің көрсеткен гуманитарлық көмектер Украинадағы адамдардың өмірін құтқаруда» деді.

Стар газеті «Оңтүстік Кореялық өнерпаз: Түркияның неліктен бауырлас ел екенін сезіндім» атты хабар жариялаған. Оңтүстік Кореялық джаз өнерпазы Ги Хе Ли түріктер мен оңтүстік кореялықтардың отбасына берілген баға, тамақ мәдениеті, мейірімді және ойлы болуы сияқты ерекшеліктерімен бір-біріне ұқсайтынын, сондықтан Түркияның бауырлас ел деп аталатынын сезінгенін айтты.

Хүрриет газеті «Анталия 8 айда 10 миллион 835 мың туристті қабылдады» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Анталия жылдың 8 айында 10 миллион 835 мың 204 турист қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар