Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

Йени Шафак газеті «Ердоған: Біз шыққан әрбір мінберде құқықты қорғадық» деген хабарға орын берді. Президент Ердоған Америка Құрама Штаттары сапарының соңында Нью-Йорктегі Түркевинде журналистерге сұхбат берді. Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясынағы баяндамасының әлем баспасөзінде үлкен жаңғырық жаратқаны жайлы «Біз шыққан мінберлердің барлығында шындықты айттық, құқықтарды қорғадық. Айтқан әрбір сөзім ұлтымыздан алған бағытқа негізделген. Баядамамда Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды халықаралық мәселелерге Түркияның көзқарасын білдірдім» деді.
Стар газеті «Өткен аптада 42 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Зеки Актүрік кеше министрлікте өткен апталық баспасөз ақпарат жиналысында «Соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде 42 террорист залалсыздандырылды. Осылайша залалсыздандырылған террорист саны 1 қаңтардан бастап 1271-ге жетті. Ал 2015 жылдың 24 шілдесінен бері 38 мың 614 террорит залалсыздандырылды» деді.
Сабах газеті «Еуропада бірінші, әлемде төртінші орындамыз» деген хабарға орын берген. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы кеше жасаған мәлімдемесінде Түркияның орман өсіру жұмыстарында Еуропада бірінші, әлемде төртінші орында екенін айтты.
Хүрриет газеті «Түрік әуе жолдары тағы да әлемдік деңгейдегі жүлдеге ие болды» атты хабар жариялаған. Түрік әуе жолдары авиация саласының алдыңғы қатардағы ұйымдарының бірі APEX-тің (Airline Passenger Experience Association) үшінші реткі “World Class” жүлдесіне ие болды.
Ватан газеті «Еуропалық туристер Анталияда маусымды созды» деген хабарға орын берген. Анталияда туризм маусымы ұзартылды. Әсіресе кейбір Еуропа елдерінен келген туристер резервтерін қарашаның ортасына дейін ұзартты.