Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2040366
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған  Мицотакисті қабылдады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакисті Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Түрік үйінде қабылдады. Екі лидер Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардағы қазіргі оң ахуалы және оны сақтаудағы табандылықтарын растағандарын білдірді.

Ватан газеті «Түркия инвесторлар үшін қауіпсіз баспана болуды жалғастыруда» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Нью-Йорктағы кездесуде президент Ердоған Түркияның сатып алу қабілеті бойынша әлемнің 11-ші экономикасы екенін айтты. Ердоған «Түркия халықаралық инвесторлар үшін қауіпсіз баспана ретіндегі ұстанымын сақтауда» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркия инвесторларды қызықтыруды жалғастыруда» деген хабарға орын берген. Хабарда айтылғанға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында инвесторлармен кездесті. Осында Шимшек «Түркия инвесторларды қызықтыруды жалғастыруда» деді.

Стар газеті  «Түркия Әзербайжанның жанында» деген хабар жариялаған. Вице-президент Джевдет Йылмаз Қарабахтағы атысты тоқтату шешіміне қатысты «Әзербайжанның қадамдарын қолдаймыз» деді. Йылмаз «Әзербайжан жері болып табылатын Қарабахтың әр бұрышында Әзербайжан туы желбіреді» деді.

Йени Шафак газеті «Әлем түрік хирургтары жасаған оталарды тікелей эфирде көрді» деген хабарға орын берген. Түрік хирургтары кеудесін ашпай жабық әдіспен 3 бөлек науқасқа тікелей эфирде жасаған жүрек операциясын шетелден және елден келген 200 дәрігер тікелей эфирде тамашалады. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «Хирургтарымыз робот хирургиясы саласындағы жұмыстарымен әлемге өздерінің айырмашылығын көрсетуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар