Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2039237
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Carnegie Europe» президент Ердоғанның «батыл» қадамдары туралы жазды» деген хабар жариялаған. Бельгиядағы коммерциялық емес ұйым «Carnegie Europe» соңғы кездері әлем саясатындағы рөлімен назар аударған Түркияға орын беріп, таңғаларлық талдау жариялады. «Carnegie Europe» президент Ердоғанның қадамдарын «батыл» деп бағалап, Түркияның сыртқы саясатын «Түркия берік және тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуге ынталы екенін жариялады» деп жазды.

Стар газеті «Қалдықсыз қозғалыс жаһандық дамуда: Бірінші қолтаңба президент Ердоғаннан» деген тақырып қолданған. Әлемнің барлық елдеріне үлгі болған «Нөлдік қалдық» қозғалысы жаһандануға алғашқы қадамын жасады. Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайы Емине Ердоған жетекшілік еткен  «Жаһандық қалдықсыз ізгі ниет» декларациясына Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас ассамблеясы аясында Нью-Йоркте қол қойды.

Хабер Түрік газеті «Түркия үшін 2 миллиард долларлық инвестиция жоспары» деген хабарға орын берген. «Alibaba» тобының президенті Майкл Эванс алдағы кезеңде Түркияға 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлағандарын мәлімдеді.

Сабах газеті «Шығыс Қаратеңіз аймағының бал экспорты 2,1 миллион долларға жетті» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Шығыс Қаратеңіз аймағынан қаңтар-тамыз айлары аралығында бал экспорты 90 пайыз артып, 2 миллион 101 мың долларға жетті.

Ватан газеті «Гордион ежелгі қаласы тізімде» деп тақырып қолданған. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой әлеуметтік желідегі парақшасында "Жақсы жаңалығымыз бар! ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне тағы бір жәдігерімізді тіркедік. Анкараның бірегей мәдени құндылықтарының бірі Гордион ежелгі қаласы әлемдік мұраға айналды» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар