Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

Хүрриет газеті «Ердоған: Құранға бағыталған шабуылдарды қабылдамаймыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Түрік-Америка ұлттық басқару комитеті ұйымдастырған кешкі қонақасында сөз сөйледі. Кейбір Еуропа елдерінде Құран Кәрімге жасалған шабуылдарға тағы да қатал наразылық білдірген президент Ердоған: «Біз 2 миллиард мұсылманның қасиетті жерлеріне шабуыл жасауды сөз бостандығы деген сылтаумен заңдастырылуын ешқашан қабылдамаймыз» деді.
Сабах газеті «Ердоғанның Илон Масктан талабы әлем күн тәртібінде орын алды» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде Америка Құрама Штаттарында электрмен жүретін автомобиль өндірушісі Tesla және SpaceX бас директоры Илон Маскты қабылдады. Президент Маскты Тесланың жетінші зауытын Түркияда құруға шақырды.
Ватан газеті «Ердоғанның Илон Маскты Текнофест жәрмеңкесіне шақырды » деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарында электрмен жүретін автомобиль өндірушісі Tesla және SpaceX бас директоры Илон Маскпен кездесуінде Түркиядағы технологиялық өзгерістерге тоқталды. Ердоған Маскты 27 қыркүйек-1 қазан аралығында Измирде өтетін әлемнің ең үлкен ғарыштық технология және авиация жәрмеңкесі Текнофестке де шақырды.
Йени Шафак газеті «Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жеткізуші ел болды» атты хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Түрік аэроғарыш өнеркәсібі компаниясының «Gökbey» тікұшағы, «Атак» тікұшағы, «Hürjet» шабуыл ұшағы, «АNКА» ұшқышсыз ұшатын аппараты және Ұлттық соғыс ұшағы «KAAN» өндіріс орындарын тексерді.
Стар газеті «АҚШ: Түркиямен саудада маңызды мүмкіндік көріп отырмыз» деген хабарға орын берген. АҚШ-тың Сауда министрінің жаһандық нарықтар жөніндегі орынбасары Арун Венкатараман АҚШ пен Түркия арасындағы сауданың еселеп өсуі үшін маңызды мүмкіндікті көретіндерін және саудада 100 миллиард долларлық мақсатқа жету мүмкін екенін білдірді.