Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Йени Шафак газеті «ИЫҰ Құран үшін шара қолдансын» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан пәкістандық әріптесі Билавал Бхуттомен кеше жүзеге асқан әңгімесінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан (ИЫҰ) Құранға жасалған опасыз шабуылдарға қарсы шара қолдануды талап етті.
Стар газеті «Түркияның отандық көлігі “TOGG” көптеген елге тарайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр көптеген ел көшбасшысының «TOGG»-пен танысуын мақсат еткендерін атап, «Түркияда «TOGG»-ты ұлтымызбен таныстырып жатқанда, екінші жағынан оны әлем елдері мен бүкіл құрлықтарға таратамыз» деді.
Сабах газеті «Анталияға бір күнде әуе жолы арқылы 99 мың 149 турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия губернаторы Ерсин Языджы әлеуметтік желідегі аккаунтынан кеше жасаған хабарламамен Анталияға сенбі күні 99 мың 149 турист келгенін жариялады.
Ватан газеті «Стамбул Еуропаның ең тығыз жұмыс істейтін әуежайы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «EUROCONTROL» Еуропа авиациялық шолу есебінде жарияланған әуе қозғалысы статистикасына қарағанда 2023 жылдың 10-16 шілде аралығында Стамбул әуежайының күнделікті орташа 1487 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болғанын мақтан тұтқанын атап көрсетті.
Хабер түрік газеті «Ұлттық ескекші Элис Өзбай әлем чемпионы атанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Болгарияда өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында ұлттық спортшы Элис Өзбай алтын медальге қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды.