Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1997552
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысында терроризммен күреске баса назар аударылды» деген хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысынан кейін декларация жарияланды. Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің декларациясында түрік ғасырының басы болып табылатын жаңа кезеңде елдің қауіпсіздігін, тыныштығын және әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қадамдардың табандылықпен жасалуы керектігі баса айтылды.

Ватан газеті  «Германияда шығатын “RND” газеті Хакан Фиданға талдау жасады» атты хабар жариялаған. Германияда шығатын  «Redaktions Netzwerk Deutschland» газеті  жаңа сыртқы істер министрі Халан Фиданға талдау жасады. Газет «Ұлттық барлау ұйымын  13 жыл басқарған Фиданның құпияларын ешкім білмейді. Бұл оны Түркияның ең күшті тұлғалардың біріне айналдырды» деген сөздер қолданды.

Стар газеті  «Түркияның экспорты артты» деген хабарға орын берген. Түркия Экспортшылар Мәжілісінің деректерінен жиналған мәліметке қарағанда Түркияның экспорты биылғы жылдың 5 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайыз артып, 102 миллиард 520 миллион долларға жетті.

Йени Шафак газеті «“HÜRJET” өте ерекше ұшу сынағын жасады» атты хабар жариялаған. Түркияның оқу-жаттығу және жеңіл шабуыл ұшағы «HÜRJET» кеше арнайы ұшу сынағын жасады. «HÜRJET» алғаш рет жаңа қызыл және ақ түстерімен ауада көрсетілді. «HÜRJET»-тің бұл маңызды ұшуына модернизацияланған F-16 ұшағы серік болды.

Хабер Түрік газеті «Парсы шығанағы елдерінен келген туристер саны артуда» деген хабарға орын берген. Түрік қонақүйшілер қауымдастығы Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағынан келген туристердің Түркияға қызығушылығының жалғасып жатқанын хабарлады. Аймақтан Түркияға келген турист саны алғашқы 4 айда алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайыз артып, 1 миллион 22 мыңға жетті.



Ұқсас жаңалықтар