Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1996434
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоғанның инфляциямен күреске баса назар аударуы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған жаңа министрлер кабинетімен алғашқы отырысын Президенттік сарайда өткізді. Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Ердоған инфляция тудырған қымбатшылық пен шамадан тыс баға проблемасын барлық тұстарымен еліміздің күн тәртібінен алып тастауға бел буғандарын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Әл-Жазирадан қызық Ердоған талдауы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 28 мамыр күні өткен сайлауда жеңіске жеткен президент Ердоған әлем баспасөзінің күн тәртібінде қалуды жалғастырғанда, Британдық «Әл-Жазира» телеарнасынан таң қалдырарлық талдау келді. «Ердоғанның қайта сайлануы Түркия-Парсы шығанағы қарым-қатынастары тұрғысынан нені білдіреді?» деген сұраққа жауап іздеген «Әл-Жазира» Ердоғанның ықпалы туралы «Түркия президентінің аймақ басшыларымен жеке байланыстарына қоса, экономикалық және қорғаныс саласындағы келісімдер ынтымақтастықты нығайта түседі» деді.

Йени Шафак газеті «Жалған ақпаратпен күрес ымырасыз жалғасады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Дүниежүзінде жалған ақпаратқа ең көп ұшыраған елдердің бірі ретінде жалған ақпаратпен күресіміз ымырасыз жалғасады» деді.

Сабах газеті «Ең жоғары экспорт деңгейі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ауыл шаруашылығы саласы 14 миллиард 58 миллион доллармен қаңтар-мамыр айындағы ең жоғары экспорт деңгейіне ұласты.

Хабер түрік газеті «Түрік лирасымен сыртқы сауда көлемі 287 миллиард лирадан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік лирасымен жүзеге асырылған сыртқы сауда көлемі жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 138,8 пайыз артып, 287 миллиард 59 миллион лираға жетті.



Ұқсас жаңалықтар